«Россия сегодня» бас редакторы Маргарита Симоньян үздік медиа-менеджер атанды

0

Ресейде

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Медиа тобының инновациялық шешімдері мен бірқатар әлеуметтік бағдарламасына жоғары баға берілді

МӘСКЕУ, 5 шілде — Sputnik. «Ресейдің медиа-менеджері» атты ұлттық жүлденің басты марапаты, 2019 жылдың Гран-при жүлдесі «Россия сегодня» және RT медиа тобының бас редакторы Маргарита Симоньянға ұсынылды.

«Россия сегодня» агенттігі және RT телеарнасының әлеуметтік жобалары Ресейдің журналистер қауымдастығының жоғары бағасына ие болды. Олардың ішінде – посткеңестік кеңістік елдерінің медиа саласы мамандарының басын қосқан Sputnik Pro жобасы, тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалардың жаңа отбасы табуына көмектесетін «Найди меня, мама» жобасы бар. RT телеарнасының әлеуметтік активтері ішінде – бюрократия салдарынан Ресей азаматтығын жылдар бойы ала алмай жүрген адамдар туралы #НеОдинНаОдин, қиын жағдайға тап болған жандардың көмек алуына жәрдемдесетін «Дальше действовать будем мы» жобалары аталып өтті.

Тағы оқыңыз: Маргарита Симоньян Зеленскийге өз талабын украин тілінде жеткізді

Маргарита Симоньянның Гран-при жүлдесін иеленуіне ресейлік журналист Иван Голуновтың тағдырына белсенді араласуы да себеп болды.

«Россия сегодня» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас редакторының орынбасары Наталья Лосева да «Ресейдің медиа-менеджері – 2019»  жүлдесінің лауреаты атанды. Ол заманауи ақпараттық агенттіктің тәжірибесінде толықтырылған және виртуалды шынайылық технологияларын енгізгені үшін, сондай-ақ инновациялық журналистік өнім шығарғаны үшін «Әлеуметтік медиа» санатында жүлдеге ие болды.

«Россия сегодня» ХАА – Ресейдің медиа нарығында әлеуметтік және ағартушылық жобаларды жүзеге асырудағы көшбасшылардың бірі. Медиа тобының негізгі жобаларының бірі – медиа саласының мамандарына арналған Sputnik Pro. Жобаны шетелде Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы таныстырады. Әлемдегі 80-нен астам елдің медиа мамандары таяу және алыстағы шетелде Sputnik Pro жобасына қатысып үлгерді.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың отставкасы қарсаңында ешкім телефон тұтқасын көтермеді — Симоньян

«Россия сегодня» ХАА-ның басты мақсаты – әлемде болып жатқан жайттарды халыққа жедел әрі мазмұнды жеткізу, елеулі оқиғаларға әртүрлі көзқарастарды баяндау. Агенттіктің ақпараттық ресурстары: РИА Новости, Спорт РИА Новости , Недвижимость РИА Новости, Прайм, Рейтинг РИА Новости, ИноСМИ, Социальный навигатор. Медиа тобының шетелдегі өкілдігі – Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы.



sputniknews.kz