Home Жаңалықтар «Россия сегодня» агенттігі коронавируспен күресу жөніндегі Альянсқа қосылды

«Россия сегодня» агенттігі коронавируспен күресу жөніндегі Альянсқа қосылды

0
8

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

«Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігі «Яндекс», Mail.ru Group және Ресейдің тікелей инвестициялар қоры құрған коронавируспен күресу жөніндегі Альянсқа қосылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігі альянс жобаларына ақпараттық қолдау көрсетуге белсенді қатысады, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігі коронавируспен күрес жөніндегі бірлескен жобаны қолға алды. «COVID-19 коронавирус инфекциясының алдын алу және емдеу тәсілдері» деген басылым жарық көрді.

Басылым https://rdif.ru/data/file/COVID_19_Book.pdf сілтемесі бойынша қолжетімді.

«Россия сегодня» агенттігінің бас директоры Дмитрий Киселев агенттік адамдарға коронавирус туралы ақпарат беру үшін барлық ресурсын қолданып жатқанын айтты.

«Біз альянсқа қосылу туралы шешім қабылдадық. Халықаралық агенттігіміздің барлық ресурсын қолданып, ақпаратты барынша жедел әрі нақты жеткізуге тырысамыз. Сондай-ақ, коронавируспен күрестің жаңа тәсілдерін іздейміз. Қазір бұл біздің кәсіби міндетіміз, ортақ жауапкершілігіміз», – деді Киселев.

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев вирусты жеңу үшін тұрғындарды хабардар ету маңызды екенін атап өтті.



sputniknews.kz