«Россия-1» арнасының тележүргізушісі соғысқа қарсы шығып, қызметінен кетті

0

«Россия-1» телеарнасындағы «Сто к одному» шоуының тұрақты жүргізушісі Александр Гуревич әлемде болып жатқан оқиғаларға қатысты пікір білдірген соң бағдарламадан кетті. Бұл туралы «Стархит» басылымына белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гуревич ойын-сауық шоуын жүргізуге ынталы еместігін және оған қатысқысы келмейтіндерді түсінуге дайын екенін мәлімдеген.

«Мен көңіл көтеру мен әзілдесу мүлдем мүмкін емес деп есептеймін. Бағдарлама қонақтары, ойынға қатысушылар арасында бүгін өзін басқаша сезінетіндер бар деп ойлаймын», — деді 57 жастағы тележүргізуші.

«Сто к одному» шоуы «Россия-1» арнасында 1998 жылдан бері көрсетіліп келеді. «Қазір бағдарламаның жаңа жүргізушісі кім болатыны және бұдан былай болатын-болмайтыны белгісіз», — деп жазады басылым.

Meduza мәлімтеніше, Гуревич соғысқа қарсы шыққаннан кейін YouTube-тегі ресми арнадан «Сто к одному» бағдарламасының барлық эпизоды өшірілген. Мұның себептері белгісіз.