Роспотребнадзор ТМД елдері үшін коронавируспен күрес жөнінде кеңес өткізеді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Семинарлардың негізгі тақырыптары коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық және клиникалық ерекшеліктерін қамтиды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Роспотребнадзор мамандары ТМД елдері үшін 28 мамыр мен 19 маусым аралығында COVID-19 індетімен күрес жөнінде 10 онлайн-кеңес өткізеді, деп хабарлайды Sputnik Ресей мемлекеттік құрылымдарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Семинарлардың негізгі тақырыптары COVID-19 індетінің эпидемиологиялық және клиникалық ерекшеліктері, қауіпті жұқпалы ауруларға жауап қату кезіндегі алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жиынтығы, зертханалық диагностика жайлы болады», – деп нақтылады баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты 

Бұған дейін Ресей қызметі осыған ұқсас бейнеконференциялар ұйымдастырған болатын. Оған денсаулық сақтау органдарының, серіктес елдердің ғылыми зерттеу ұйымдары мен зертханаларының 40-қа жуық маманы қатысты. Сарапшылар елдердегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауға арналған жаңа бағдарламаларды қалай қолдану керектігін, тұрғындарды тестілеуден өткізу және науқастармен байланыста болған адамдарды бақылау жайын талқылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялады. ДДҰ-ның соңғы мәліметі бойынша, әлемде 5,4 миллионнан астам адам індетке шалдықты, оның 343 мыңнан астамы қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз