Роналду «Ювентусте» рекорд жасады | КТК

0
Роналду «Ювентусте» рекорд жасады


Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду туриндік «Ювентус» сапында жаңа рекорд орнатты. 

Форвард Италия чемпионатының 13-ші туры аясында SPAL командасымен матчте көзге түсті. Роналду туриндік клуб үшін ойнаған 16 матчта оныншы гол салып отыр — сегіз гол А сериясында және екеуі Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің матчтерінде. Осылайша, Роналду рекорд орнатып отыр, өйткені, «Ювентус» сапында бұрын-соңды ешкім осынша қысқа уақытта он гол салмаған.

Роналду «Ювентуске»  жазда мадридтік «Реал» сапынан ауысқан. Оның еңбекақысы жылына 30 миллион еуро. португалиялықтың трансфері үшін туриндік клуб 112 миллион еуро берген. Жаңа команда сапында футболшы алғашқы голын 16 қыркүйек А сериясындағы «Сассуоло» командасымен ойында салған. 

Дереккөз: vesti.kz