Роман Скляр: Жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адам газбен қамтамасыз етіледі
Бүгін де 12 млн-нан астам адам немесе Қазақстан халқының 60%-ы газға қол жеткізе алады. Жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адам газбен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр хабарлады.
Биыл бөлінген қаражатқа 1,7 мың шақырымнан астам газ желілері салынып, жаңғыртылатын болады. Роман Скляр тамыз айында Премьер – министр «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысын бастағанын еске салды. «Ақтөбе – Қостанай» газ құбырларын және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» екінші желісін іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Ресурстық базаны кеңейту мақсатында өткен жылы Анабай, Шығыс Өріктау, Рожковское кен орындары пайдалануға берілді. 2025-2030 жылдары тағы жеті жобаны іске қосу жоспарланған. Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында және Жаңаөзен қаласында төрт ГӨЗ салу тауарлық және сұйытылған газ өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Фото: ҚР премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы