Роман Скляр ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді

0

2024 жылғы 5 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізілді деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Жиында жанар-жағармай нарығындағы ағымдағы жағдай қаралып, отынды елімізден заңсыз әкетудің жолын кесу шаралары талқыланды.

Энергетика министрлігі өкілінің баяндамасында қазақстандық бағаның көршілес елдермен диспаритетіне байланысты ЖЖМ ағындары мен «жасырын» экспортының қаупі бар екені атап өтілді.

Ішкі нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында ҚР ҚМА, ҰҚК ШҚ, ҚМ МКК және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шекаралық өткелдерде ЖЖМ әкетуді бақылау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шетел жүк көліктері үшін шекара маңындағы АЖС-ға сараланған бағаларды белгілеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.