Рингте жарақаттанған ресейлік бокшысы Максим Дадашев қайтыс болды

0

Ресейлік кәсіпқой бокшысы Максим Дадашев пуэрто-рикалық Субриэль Матиаспен өткізген жекпе-жектен кейін ауруханада көз жұмды.

Кездесу АҚШ-тің Оксон-Хилл қаласында 20 шілдеге қараған түні өтті. Жекпе-жек Дадашев командасының өтінішімен 11-раунда тоқталып, Дадашевқа техникалық жеңіліс жазылған.

11-раундтың басында Дадашевтің тренері Бадди Макгирттің одан жекпе-жектен бас тартуды сұраған. Алайда боксшы төбелесті жалғастырған.

Жекпе-жек тоқтағаннан кейін рингтен кетіп бара жатқан Дадашев есінен танып, аурханаға жеткізілген. Ол жерде комаға түскен спортшының «жүрегі шыдамаған».

BBC-дің хабарлауынша, Ресей бокс федерациясы спортшының денесін елге жеткізуге қатысты барлық шығынды мойнына алатынын және оның отбасына қаржылай көмек көрсететіндігін айтқан.

29 жастағы боксшы бұған дейін 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен еді.

Azattyq