Ринат Зайытов: Адам бастық болдым екен деп бәріне зіркілдемеуі керек
Айтыскер ақын Ринат Зайытов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында соңғы үш күнде мүлдем қолы тимей жүргенін айтты. Бұған жаңа қызметке орналасып, қоластындағы қызметкерлерімен әлі танысып үлгермей жатқаны себеп.
Осы орайда ол қатал бастықтарды ұнатпайтына тоқталды.
— Нені істемеу керек?
— Қылмыс жасамау керек. Жемқорлықпен айналыспау керек. Сосын есірмеу керек. Бастық сезінбеу керек адам өзін.
— Есірмеу дегенді қалай түсінеміз?
— Мысалы. Көп жерде өзің көріп жүрсің. Бастық келсе болды, машинасының есігінен бастап ашып, бүкіл қызметкерлер атып тұрып, бастық талтаңдап кабинетіне кіргенше, сосын тұрады қалтылдап қайсымызды шақырып алып, қайсымызға не дейді екен, қайсымызға ұрысады екен деп. Ол менің түсінігімде ақылға қонбайтын нәрсе. Бастық болдым екен деп айналаның бәріне зіркілдеп. Сондықтан адам жұмысқа кірісетін болса, не нәрсеге де жұмыс деп қарау керек.