Домой Жаңалықтар Рим Папасы отставкаға кетпес бұрын Қазақстан мен Украинаға барғысы келетінін айтты

Рим Папасы отставкаға кетпес бұрын Қазақстан мен Украинаға барғысы келетінін айтты

0
95

Рим Папасы Франциск денсаулығына байланысты қызметінен кететінін жоққа шығарған жоқ. Оған қоса Канададағы апостолдық сапардан оралған соң Қазақстанға барғысы келетінін айтты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы. 

 85 жасты алқымдаған Рим Папасы Францисктің денсаулығына байланысты халықаралық сапарларға шығуы қиындай түсуде. Франциск шілде айының соңында Канададағы сапары кезінде тізе жарақатына байланысты қозғалысы қиындап, көп уақытын мүгедектер арбасында өткізген. Әзірге ол отставкаға кетуді жоспарламайды, бірақ болашақта денсаулығына байланысты отставкаға кетуі мүмкін екенін растады. 

«Осынша жасқа келіп мұндай шектеулермен мен шіркеуге қызмет ете алуым үшін энергиямды үнемдеуім керек не болмаса орнымнан кету туралы ойлануым керек», — деді ол сапардан кейін.

Ол кетер алдында Украинаға және Қазақстанға барғысы келетінін айтты. 

 «Мен Украинаға барғым келетінін айттым. Жағдайдың қалай болатынын көреміз. Қазақстанға да барғым келеді», — деді ол Канадаға аполстолдық сапардан қайтып келе жатқан ұшақ бортында журналистерге. 

Айта кетейік, 14-15 қыркүйекте Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі өтеді.  Аталған Форумда пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі кеңінен талқыланбақ.