Риддерлік құтқарушыға пәтер алуға көмектесті
«29 қазаннан 30 қазанға қараған түн әлі есімізден кетпейді. Ояна келсек, үйдің іші көк түтін. Өрт есікке барар жолды жауып тастағанын көріп, балаларды терезеден шығаруға тура келді» деп еске алады сол шақты құтқарушы.
Риддерліктер Рустамды жұмысында ғана емес, өмірде де айналасына бей-жай қарамайтын азамат ретінде ерекше құрметтейді. Ол төрт жыл бұрын бұланның жетім қозысын тауып, аман алып қалса, тағы бірде жалғыз өзі көршісінің үйін өртеніп кетуден сақтапты. Былтыр көктемде құтқару шараларына бара жатқанда машиналары аударылып, өзі де бір ажалдан аман қалыпты. Қайсар жігіт жарты жылдай ем-дом алғаннан кейін жұмысына қайта оралыпты. «Күн сайын отпен, сумен алысып, біздің тыныштығымыз бен қауіпсіздігіміз үшін тер төгіп жүрген осындай елін, жерін сүйетін азаматтың баспанасыз қалғанын естігенде қол қусырып отыра алмадық. Көмек көрсетуді, жәрдемдесуді жөн санадық», — дейді «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.
Рустам кәсіпорын тарапынан берілген қомақты қаржыға өздерінің жиған-тергендерін қосып, төрт бөлмелі пәтер сатып алғанын айтып, көмек қолын созған өндіріс орны басшылығына алғысы шексіз екендігін жеткізді.
Азамат ҚАСЫМ,
«Egemen Qazaqstan»
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы
Дереккөз: http://egemen.kz/