Риддерде қоқыстан мазут өндіретін зауыт салынады

0

2018 жылғы 21 желтоқсан 12:09 182

Риддерде қоқыстан мазут өндіретін зауыт салынады


ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат — Риддер қаласында пластик пен полиэтилен қалдықтарынан мазут өндіретін зауыт салынуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланы қоқыстан тазартып, жолдарын жөндеумен айналысатын «Эталон» ЖШС қалдық өңдеуге бет бұрмақшы. Риддер қаласында іссапармен жүрген облыс әкімі Даниал Ахметов жобаны қолдауға әзір екенін атады.

«Қолданыстағы қоқыс полигонын жабу мәселесі туындаған болатын. Біз  қордаланған материалды өңдеп, мазут шығармақпыз.  Мазутты жазда шикізат ретінде пайдаланамыз. Ал қыста артылғанын өңдеп, дизель өндіреміз. Қоқыс сұрыптайтын желіні Ресейден, өңдейтін желіні Қытай мен Иранның бірінен аламыз» — дейді «Эталон» ЖШС  директоры Виктор Стребков.

Риддерде қоқыстан мазут өндіретін зауыт салынады 

Экологиялық маңызға ие жобаны кәсіпкер өз қаржысына іске асырмақ.

«Бұдан бөлек жол жөндеумен айналысамыз. Содан түскен табысты жобаға саламыз. Сондықтан, тендерлерден қалмауға тырысамыз» — деді кәсіпкер.

Жалпы зауытқа қажет ғимараттар сатып алып, қондырғылар орнатуға 300 млн теңгеден астам қаржы қажет.

«Жобаның келешегі бар. Бәрі қалай бастайтындарыңызға байланысты. Мемлекет тарапынан  «Даму» бағдарламасы бойынша 7 пайыздық несие бере аламыз» -деді Д.Ахметов.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz