Риддер қаласының әкімі қайтыс болды

0

Риддер әкімі Дмитрий Горьков қайтыс болды. Әкімнің қайтыс болғаны туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде расталды.

«Бүгін қаламыздың әкімі Дмитрий Анатольевич Горьков мезгілсіз қайтыс болды. Оның ауруханада жүрегі тоқтап қалғаны ғана белгілі», — деп хабарлайды Риддер қалалық порталы.

Дмитрий Горькова 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Риддер әкімі болып жұмыс істеді.

фото: tengrinews.kz