Резиденция ғимаратын берген Қостанай облысының әкімі қазір қайда тұратынын айтты

0

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өзі тұратын резиденциясының ғимаратын балалар оңалту орталығына берген болатын. Қазіргі таңда әкімнің қайда тұратыны белгілі болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте БАҚ өкілдері әлі күнге дейін нысанның пайдалануға берілмегенін айтты.

“Облыс орталығында бұрынғы қонақтарды қабылдайтын ғимараттарды балаларға беру туралы шешім қабылдадық. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттар дайындалып отыр. Тиісті қаражат бөлінді. Екінші этажға арбамен жүруге арналған көтергіш құралдар орналастырылады. Есіктерді кеңейту керекпіз. Оңалту орталығының өзіндік талаптары бар. Міндетті түрде бәрі орындалып біткеннен кейін пайдалануға беріледі”, – деді әкім.

Сонымен қатар журналистер резиденция берілгеннен кейін әкімнің қайда тұрып жатқанын сұрады.

“Қазіргі таңда көпқабатты үйде тұрамын”, – деп қысқа қайырды әкім.