Режиссер Жігер Ауыпбаевқа «Ақботаны зорлайсың» деген талап қойған

0
Әнші, актриса Ақбота-Нұрмен Жігер Ауыпбаев «Бақыттың кілті» атты сериалда төбе көрсетті.

«Кастингке басқа рөлге, Бағланның рөліне дайындалып келдім. Еңлікті (авт. Ақбота-Нұр) ұрып жіберіп, бетін көгертіп қойдым. Образға кіріп кетіп, қатты ұрып жіберіппін. Режиссер келіп: «Шынымен ұрып жібердің бе?», – деп таңғалып қарап тұр. Өзімнің рөлімнен өзім жиіркеніп кеттім. Өкінішке қарай, қоғамда бар нәрсе», – деп ағынан жарылды Жігер.

Жуырда ғана тұсауы кесілген сериалдың соңында қандай сахна болатынын Ауыпбаев айтып қойды. Сөзінше, режиссер оған «Ақботаны зорлайсың» деген талап қойған.