республиканың басым бөлігінде тұман түседі
Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Алдағы демалыста Таймыр төңірегіндегі жаңа антициклон күшейеді. Батыс Сібірдің орталық аймақтарына қарай ығысып, Қазақстанға да әсерін тигізеді. Сол себепті демалыс күндері мен дүйсенбіде аспан ашық болып, республиканың кей аймағында қар жауады.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыста тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда 30; 39 градус аяз болады. Бұл климаттық нормадан 7; 10 градус төмен.
Астанада демалыс күндері ауа температурасы түнде —26; —30, ал күндіз —20; —26 градус аралығында болады. Ал дүйсенбі ауа температурасы түнде —27; —29 және күндіз —28 градуста тұрақтайды.
Алматыда 22-23 желтоқсанда ауа температурасы түнде —1; —9, күндіз —3; +2 градус аралығында болады. Дүйсенбіде ауа температурасы түнде —1, ал күндіз 0 градусты көрсетеді.
Шымкентте демалыс күндері түнде ауа температурасы —1; —5 градусты, ал күндіз +2; +3 градусты көрсетеді. Сондай-ақ, дүйсенбіде түнде аспан ашық болады: ауа температурасы —2 градус, ал күндіз +3 градус болады.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/