Республикалық жыр мүшайрасы жарияланды — Өнер|20 Қараша 2018, 12:41

0
20 Қараша 2018, 12:41 192 0

Астана, BAQ.KZ. Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті ардақты Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз туған мәуліт айының құрметіне «Пайғамбарлар сұлтаны» атты жазба ақындар арасында республикалық жыр мүшайрасын жариялады.

Мүшайраға жанына қара өлеңді серік еткен кез-келген ақын қатыса алады. Бәйге шарты бойынша Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызға арнаған бір ғана өлеңі сарапқа салынады.

Шығармалар 14 қаріппен екі беттен аспауы тиіс. Сондай-ақ бұрын еш жерде жарияланбаған болуына керек. Автор шығармасымен бірге қысқаша өмірбаянын және суретін жолдау керек.

Өлеңдерді қабылдау 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Мүшайра жеңімпаздары 15 желтоқсан күні Астана қаласында өтетін Мәуліт кешінде марапатталатын болады.

Бәйге жүлделері:

1 орын — Кіші қажылық

2 орын — Ноутбук

3 орын — Смартфон


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ