Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі

0

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с күшейеді.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы zakon.kz, Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңгыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/