Ресми өкіл дені сау адамға бетперде неге қажет емес екенін түсіндірді

0
52

Бетперде кию жалған қауіпсіздік сезімін тудыруы мүмкін. Яғни, бетперде кидім деп олар қол жуу сияқты басқа да шарттарды ұмытып кетеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Дені сау адамға бетперде киюдің қажеті жоқ, өйткені ол COVID-19-дан қорғамайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Тарик Язаревич осылай мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ. Дені сау адамдарға бетперде кию қажет емес. Ал симптомдары бар адамдар басқаларды қорғау үшін бетперде киюге міндетті. Сондай-ақ, науқастарға, мысалы, үйде емделетін адамдарға қамқорлық көрсетуге барған адамдар бетперде киюі тиіс. Олай етпесе, жұқтыруы мүмкін», – деді ол.

ДДҰ ресми өкілі бір ғана бетперде вирустан қорғанудың кепілі бола алмайтынын айтады.

«Мұны басқа шаралармен бірге қолданған жөн. Мәселе мынада: бетперде кию жалған қауіпсіздік сезімін тудыруы мүмкін. Яғни, бетперде кидім деп олар қол жуу сияқты басқа да шарттарды ұмытып кетеді. Егер бетпердені қалай кию керектігін білмесеңіз, бетіңізге қол тигізу ықтималдығы әдеттегіден жоғары болады», – дейді Язаревич.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бас санитары бетперде киюге кеңес берді

Ол ең алдымен, бүкіл әлемдегі дәрігерлер мен медицина мамандарында барлық қажетті қорғаныс құралдарының жеткілікті мөлшерде болғаны жөн деп санайды. Оның пікірінше, бұған қарапайым азаматтардың жаппай сатып алуын шектеу арқылы қол жеткізуге болады.



sputniknews.kz