Ресми: Головкин кезекті жекпе-жегін жариялады

0
3276

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы дивизиондағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізетінін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жекпе-жек 29 желтоқсанда Жапонияда өтеді.

«Big Drama Жапония. 29 желтоқсанда кездескенше», — деп жазды GGG Instagram-да.

Жаттығу жиынын өткізіп жатқан GGG-дің Жапониядағы бұл кездесуі DAZN-мен жаңартылған мәміле аясында бірінші және 2021 жылы алғашқысы болады.

Бұған дейін кездесу Токиодағы Saitama Super Arena-да өтетіні белгілі болған. Ол жергілікті уақыт бойынша түстен кейін өтеді деп жоспарланған, өйткені оның трансляциясы кешке америкалық уақыт бойынша көрсетілуі керек.