Ресейліктердің жағдайын жасайық деген не сөз? – Айгүл Орынбек
Танымал заңгер Айгүл Орынбек ҚР Премьер-Минстрі Әлихан Смайыловтың өз қазағын жарытпай, ресейліктерге жанашырлық танытқанына ренішін жеткізді.
Бұл туралы kznews.kz сайты Айгүл Орынбектің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Өз ұлтымыздың мәртебесін көтеретін уақыт келді.
Ия, біз толерантты көзқарастағы елміз, бірақ өз салт- дәстүрміз бар тәуелсіз мемлекетпіз!
Арабтар сияқты байлықта шалқып өмір сүрмесекте, Арабтар сияқты өзімізді сыйлататын уақыт келді!
Көп ұлтты мемлекет болғанмен, мемлекеттің басты ұлты Қазақтар!
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Қазақтардың мәртебесі мен құқығының қорғалуы болу керек еді!!!
Қаншама күн үнсіз отырып, енді келіп Ресейліктердің жағдайын жасайық деген не сөз мынау?!
— Халқыңыз көшеде қалып, арамтамақтар үйлерін Ресейліктер үшін босатып беріп жатқанда үнсіз отырып…..
— Ресейліктерді жұмыспен қамтуға тапсырма бергенше, құл базарда жұмыссыз жүрген өз халқыңызды жұмыспен қамтып алмайсыз ба Смайылов мырза?!
— «Қайта келген қонақтар, өз ұлтымызды қорлап, жергілікті тәртіпті бұзып, ұлтараздық провокациялар туыдырып жатса, оларға заңды қатаңдатып, жазалаңдар!», – деп неге тапсырма бермейсіз Смайылов мырза?
ЕАЭО заңнамасынан біздің Конституция, яғни, оның бірінші бабының, бірінші тармақшасы биік тұру керек!
Бұл мемлекетті адамдар, яғни, осы жерде туылған біздер құраймыз!
Ең бірінші, біздің жағдайымыз жасалып, біздің құқығымыз қорғалу керек!», – деп жазды.