Ресейліктердің 43 %-ы елді дұрыс жолмен емес жүріп жүр деп санайды

0

Ресейліктердің 43 %-ы елді дұрыс бағытта емес деп санайды, ал респонденттердің 49 %-ы керісінше пікірде. Бұған «Левада» орталығы жүргізген сауалнама мәліметтері дәлел.

Владимир Путиннің президент ретіндегі қызметін қазіргі кезде ресейліктердің 68 %-ы мақұлдайды, ал азаматтардың 31 %-ы Ресей басшысын сынайды. Сауалнамаға сәйкес азаматтардың 58 %-ы премьер-министр Михаил Мишустиннің жұмысына қанағаттанса, 38 %-ы наразы.

Ресей үкіметінің қызметін сауалнамаға қатысушылардың 51 %-ы мақұлдайды, ал 47 %-ы мақұлдамайды. Мемлекеттік Думаның жұмысын респонденттердің 43 %-ы оң бағалайды, теріс – 55 %, ал әкімдердің қызметі — сәйкесінше 62 % және 35 %.

Сауалнама 22 мен 28 қазан аралығында Ресейдің 50 аймағындағы 137 елді мекенде жүргізілді. Оған 18 және одан жоғары жастағы 1,6 мың адам қатысты.

Елдің бағыты дұрыс емес деп санайтын ресейліктер саны бойынша ең жоғары көрсеткіш 2019 жылдың қаңтарында тіркелді — сол кезде респонденттердің 45 %-ы осындай пікір білдірді. Сонымен бірге ресейліктердің 53 %-ы Ресей үкіметінің бұл немесе басқа дәрежеде отставкаға кетуін қолдады.

Ресейліктердің нақты кірістері жетінші жыл қатарынан — Қырымды аннексиялап, Батыс санкцияларын енгізген кезден бастап құлдырап келеді. Соңғы екі жылда болашағын алдағы бес-алты жылға жоспарлайтын азаматтар саны 17-ден 11 %-ға дейін төмендеді.

Қазіргі уақытта 18 мен 24 жас аралығындағы азаматтардың 53 %-ы Ресейден қоныс аударғысы келеді. Бұл көрсеткіш 2009 жылдан бастап шарықтады. Росстаттың соңғы деректері бойынша 18,6 миллион азамат (Ресей халқының 12,7 %) кедейлік шегінен төмен өмір сүреді.

Керімсал Жұбатқанов