Ресейліктердің 40 пайызы 2024 жылдан соң Путиннің президент болғанын «қаламайды»
Ресейліктердің 38 пайызы Владимир Путиннің 2024 жылдан кейін Ресей президенті болғанын «қаламайды». Соңғы бір жылда Путинге наразылар саны 11 пайызға артқан. Бұл туралы «Левада-центр» орталығының бүгін, 30 шілдеде жарияланған есебінен белгілі болды. Сауалнама 18-24 шілде аралығында алынған.
2024 жылдан соң да Путиннің президент болғанын қалайтындар үлесі – 54 пайыз. Қатысқандардың 8 пайызы «жауап беруге қиналатынын» айтқан.
Жауап бергендердің 43 пайызы «Путиннен басқа адамды президент ретінде елестете алмағандықтан, азаматтар оған сенеді» деген нұсқаны таңдаған. Бұл көрсеткіш – 2001 жылдың шелдесінен бері ең үлкен шама. «Қазіргі президент алда ел мәселелерін шеше алады деп сенеміз» дегендер саны 19 жылдағы ең төмен көрсеткішке жетіп, 24 пайызға түскен.
Ресей заңнамасы бойынша, бір адамға үш рет қатарынан қатарынан президент болуға тыйым салынған. Владимир Путин қазіргі мерзімін қосқанда осымен төртінші мерзім президент болып отыр.