Ресейліктер Қазақстанның құқық қорғау органдарына Байқоңырдағы қазақ азаматының қылмыстық ісін жолдады

0
37

Ресейліктер Қазақстанның құқық қорғау органдарына Байқоңырдағы бопсалау сериясына байланысты іс жолдады, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты Kaztag.kz агенттігіне сілтеме жасап.

«Кешен прокуратурасы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 163-бабының 1 — бөлігінде көзделген бірқатар қылмыстарды (бопсалау, яғни зорлық-зомбылық қолдану қаупімен бөтеннің мүлкін беруді талап ету) жасаған 31 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс жолдады», — делінген жұма күнгі хабарламада.

Ресей тергеуінің мәліметінше, 2022 жылы бірнеше ай бойы қаскүнем Байқоңыр қаласының аумағында болып, зорлық-зомбылық қолданамын деп қорқытып, жергілікті тұрғындардан ақша беруді талап еткен. Жәбірленушілерден талап етілетін ақшаның мөлшері мыңнан бес мың рубльге дейін әр түрлі болған.

«Ресей ІІМ қызметкерлері «Байқоңыр» кешенінде шабуылдаушының қылмыстық әрекетінің он эпизодын анықтады, қазіргі уақытта ол қамауда. Азамат әрекетін жоққа шығарғанымен, прокурор оны айыптау үшін жиналған дәлелдемелік база жеткілікті деп таныды. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматы болуына байланысты іс қазақстандық құқық қорғау органдарына жіберілді», — деп нақтылады.

Фото: bepowerback.livejournal.com