Ресейліктер кісіні аңдудың ерекше әдісін ойлап тапты

0

Қайда жүрсе де, адамды аңдуға мүмкіндік беретін жүйені «Спейстим» компаниясы жасап шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің «Спейстим» компаниясы спутниктің көмегінсіз адамның немесе көліктің қайда жүргенін бақылап отыратын жүйені ойлап тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

Жүйе бақылауға алынатын аумақта орнатылуы тиіс. Ол осы аумақтағы адамдардың жүріс-тұрысын 10 сантиметрге дейінгі дәлдікпен аңдуға мүмкіндік береді. Жүйені ойлап тапқандардың айтуынша, оның көмегімен көліктің заңсыз жөнделуін немесе аумақта заңсыз жүргендерді анықтауға болады.

Тағы оқыңыз: Ресей алғаш рет ағыршқа адамға ұқсайтын робот ұшырды

Жүйені «Яндекс.Карта» немесе басқа карта қосымшасымен біріктіруге болады.

«Шындығында, бұл жүйе нысанның қайда жүргенін дәлме-дәл анықтайды, тіпті жердің астында болса да, әдетте жердің астына спутниктің сигналы жетпейді ғой», — дейді компания өкілдері.

Қазірде бұл жүйені неміс көлік өндірушілерінің техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде пайдаланатын көрінеді. Соның арқасында компания бір көлікке қызмет көрсету құнын айына үш жүз мың рубльге (1 миллион 755 мың теңге) дейін үнемдеген екен.



sputniknews.kz


Тегтер:Ресей