Ресейліктер 30 сәуірге дейін жұмыс істемейді – Путин

0

Ресей Федерациясында коронавирусқа шалдыққандардың саны 3,5 мың адамнан асты, 30 адам қайтыс болып, 235-і жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин халыққа үндеу жасай отырып, жұмыс істелмейтін күндер режимін 30 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды.

Ресейде коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған жоқ, бірақ Владимир Путин өңірлерге бұл мәселені өз бетімен шешуге рұқсат берді.

«Президенттің жарлығына сәйкес, қандай режим енгізу керектігін өңірлердің өзі шешеді», — деп мәлімдеді Путин.

Азық-түлік дүкендері, дәріханалар, ауруханалар мен тіршілікті қамтамасыз ететін ұйымдар жұмысын жалғастырады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Сондай-ақ, Ресей президенті жұмыс істелмейтін күндер қысқартылуы мүмкін екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда Ресейдің 76 өңірінде 3548 адам коронавирус жұқтырды. 30 адам қайтыс болып, 235 адам жазылып шықты.  



sputniknews.kz