Ресейлік журналист Ксения Собчак Қазақстанға іссапары туралы өз ойларымен бөлісті

0

Бұл туралы ол 23 сәуірде Instagram парақшасында хабарлама жазды.

«Қазақстанға іссапарым туралы сөйлесейік. Дәлірек айтсақ, жергілікті әйелдердің және жалпы жергілікті қоғамның бір ерекшелігі туралы айтсам, мен үшін тың дүние болды. Прогрессивтілік. Жалпы мен Қазақстанға жиі барамын және бұл елді жақсы көремін. Менің мұнда көптеген достарым бар, кейде мұнда іс-шаралар мен үйлену тойларын өткіземін. Мен мұндай біртүрлі қақтығысты бірінші рет байқап тұрғам жоқ», — деді Ксения Собчак.

Оның пікірінше, бір жағынан, қазақстандық әйелдердің көпшілігі өте прогрессивті: олар көп жұмыс істейді, өршіл, дербес, бәріне өздері қол жеткізгісі келеді, эмансипацияға, тәуелсіздікке, теңдікті мойындауға ұмтылады.

Ол «ұят” ұғымы Қазақстандағы еркін әдет-ғұрыптардың қарқынды дамуы мен жастардың прогрессивті көзқарастарының арқасында халық арасында танымал екенін айтты.

«Аға буын осылайша әдептіліктің белгілі бір шеңберін құра отырып, оларды “қателіктерден қорғағысы келеді». Енді қыздар үй тирандарына қарсы науқанға бірігіп қана қоймай, арнайы заңның қабылдануына қол жеткізді. Жалпы, қазір Қазақстанда Салтанат ісінің аясында өте қызықты істер жүріп жатыр. Мүмкін біз тыныш революцияның бір түрін көріп отырмыз. Азаматтық қоғам жеңіске жетуде», — деп қорытындылады Ксения Собчак.

Фото Ильи Питалева / РИА Новости)