Ресейлік вакцинаны салдырған дәрігерлер коронавирус жұқтырды

0
61

Алтай аймағында COVID-19 қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын бірінші болып қабылдаған 42 дәрігердің үшеуі коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Ресей Федерациясы денсаулық сақтау министрлігінің сайтына жазды.

Әзірлеушілердің ақпараты бойынша вакцина екі компонентті екен: бірінші инъекциядан кейін үш аптадан кейін адам екіншісін алады.

«Адам екінші вакцинациядан үш аптадан кейін ғана еспе салдырған және коронавирус инфекциясынан қорғалған деп саналады, өйткені осы уақытқа дейін иммунитетті қалыптастыру процесі жүреді. Мұмкін, вакцина салдырған науқас дәрігерлердің иммунитеті COVID-19 қоздырғышымен кездесу кезінде қалыптаспаған болар. Осы ғана дәрігерлердің жұқтыруына себеп болуы мүмкін», – деп түсіндірді ведомствода.

Еске сала кететйік,  Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі тамыз айында Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология Ұлттық зерттеу институты (НИЦЭМ) жасаған және Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп өндірген COVID-19 алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеді. Ол «Спутник V» деп аталды.

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз