Ресейлік теннисші Мария Шарапова спорттық карьерасын аяқтады

0

Ресейлік теннисші Мария Шарапова спорттық карьерасын аяқтады. Бұл туралы 26 ақпанда халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады. 32 жастағы теннисші иық жарақатының салдарынан осындай шешім қабылдаған.

2016 жылы 7 наурызда Шарапова шұғыл баспасөз мәслихатын өткізіп, допинг қолданғанын мойындаған. Оның 2016 жылы қаңтарда Мельбурндегі анализінен мельдоний табылған. Шарапова сол кезде бұл препаратты тек емделу үшін ішкенін айтқан.

2016 жылы маусымда ол екі жылға спорттан шеттетілген. Кейін оның апелляциялық шағымы қанағаттандырылып, жазасы 15 айға қысқарған. 2017 жылы сәуірде ол спортқа оралды. Бірақ Шарапованы иық жарақаты мазалап, теннисші біраз жарыстарда ойнай алмаған.

Ол биыл Australian Open жарысына қатысып, бірінші айналымда ховартиялық Донна Векичтен жеңіліп қалған. Бұл оның спорттық карьерасындағы соңғы турнирі болды.

Шарапова WTA турнирлерінде 39 рет жеңіске жкеткен. 2012 жылы Лондон олимпидасында күміс медаль алған. 2005, 2007, 2008 және 2012 жылдары әлемдік рейтингте бірінші орынға шыққан. Бес рет Grand Slam жарысында жеңіске жеткен.

Қазір Шарапова АҚШ-та бизнеспен айналысады.

Azattyq