Ресейлік тарихшы әрі тележурналист Владимир Кара-Мурза қайтыс болды

0
63

Журналистпен қоштасу рәсімі қашан және қайда өтетінін отбасы хабарлайды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде — Sputnik. Ресейлік журналист, теле- және радио жүргізушісі Владимир Кара-Мурзаның қазасы туралы ұлы хабар берді.

«Тарихшы, тележурналист, «ескі НТВ-ның» негізін қалаушылардың бірі. Менің әкем. Бүгін таңертең сағат 8-де өмірден озды», – деп жазды кіші Владимир Кара-Мурза.

​​Владимир Кара-Мурза 1959 жылы 24 қазанда Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмәмдады. 1982-1992 жылдары тарихтан жеке сабақ беріп жүрді.

Тағы оқыңыз: Ресейдің халық әртісі өмірден озды

Телевидениеге 1992 жылы келіп, 1993-1995 жылдары НТВ жаңалықтар қызметінің тілшісі болып істеді. Әр жылдары телеарнада «Сегодня в полночь», «Свидетель века» бағдарламаларын жүргізген.

Владимир Кара-Мурза «Золотое перо России» жүлдесінің иегері (1995), Ресейдің телевидение академиясының мүшесі болған (2007 жылдан бері).



sputniknews.kz