Ресейлік тарихшы әрі тележурналист Владимир Кара-Мурза қайтыс болды
Журналистпен қоштасу рәсімі қашан және қайда өтетінін отбасы хабарлайды
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде — Sputnik. Ресейлік журналист, теле- және радио жүргізушісі Владимир Кара-Мурзаның қазасы туралы ұлы хабар берді.
«Тарихшы, тележурналист, «ескі НТВ-ның» негізін қалаушылардың бірі. Менің әкем. Бүгін таңертең сағат 8-де өмірден озды», — деп жазды кіші Владимир Кара-Мурза.
Сегодня, 28 июля, ушёл из жизни Владимир Алексеевич Кара-Мурза (1959-2019). Историк, тележурналист, один из основателей «старого НТВ». Мой папа. Ушёл в 8 утра, в день своих именин. О месте и времени прощания семья сообщит дополнительно. pic.twitter.com/F9x0LwhZ92
— Vladimir Kara-Murza (@vkaramurza) 28 июля 2019 г.
Владимир Кара-Мурза 1959 жылы 24 қазанда Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмәмдады. 1982-1992 жылдары тарихтан жеке сабақ беріп жүрді.
Тағы оқыңыз: Ресейдің халық әртісі өмірден озды
Телевидениеге 1992 жылы келіп, 1993-1995 жылдары НТВ жаңалықтар қызметінің тілшісі болып істеді. Әр жылдары телеарнада «Сегодня в полночь», «Свидетель века» бағдарламаларын жүргізген.
Владимир Кара-Мурза «Золотое перо России» жүлдесінің иегері (1995), Ресейдің телевидение академиясының мүшесі болған (2007 жылдан бері).
sputniknews.kz