«Ресейлік элиталар Украинамен соғыста жеңілгендерін түсінді»

0

Ресейлік элиталар Батысты келіссөздер жүргізуге көндіріп жатыр. Себебі олар Украинамен соғыста жеңілгендерін түсінді.

Бұл туралы бұрынғы сыртқы істер министрі, дипломат Павел Климкин «Эспрессо» телеарнасының эфирінде мәлімдеді.

«Батыс та Ресеймен ымыраға келудің қажеті жоқ екенін түсінуі керек. Сонымен қатар бұл олар үшін қауіпті болуы мүмкін.  Ресейлік элиталар келіссөздер жүргізу үшін Батысқа түрлі құпия арналар арқылы шығады. Өйткені олар құрдымға кеткенін түсінді», — деп түсіндірді Климкин.

Оның айтуынша, Украинаға қарсы соғыс кез-келген жағдайда Ресей Федерациясы үшін қауіпті болады.

«Украинаға қарсы соғыста жеңіліс Ресей Федерациясының ыдырауына әкеледі. Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл соғыста жеңіске жету Ресейдің құлдырап жатқанын білдіреді. Көптеген аумақтарды басып алу арқылы Ресей мыңдаған украиндықтардың наразылығы мен қарсылығына тап болады. Сондықтан Ресей соғыстың кез — келген нәтижесі олар үшін теріс болатынын түсінген сияқты», — деп атап өтті дипломат.