Ресейлік боксшы Максим Дадашев алған жарақатынан көз жұмды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бірде-бір рет жеңілмеген ресейлік боксшы жекпе-жектен кейін шұғыл ауруханаға жеткізілген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. АҚШ-та жекпе-жек кезінде алған жарақатынан қаза болған ресейлік боксшы Максим Дадашевтің әйелі әлеуметтік желіде жүрек елжітетін жазба жариялады.

«Менің махаббатым! Сен әрдайым менің жүрегімдесің, қайғыдан қан жұтып отырмын! Отбасымыз үшін өте ауыр уақыт туды», — деп жазды боксшының жары.

Ресейлік боксшы Максим Дадашев 19 шілде күні АҚШ-та пуэрторикалық Субриэль Матиаспен кездесу өткізді. Бірінші жартылай орта салмақта бокстасатын спортшы жекпе-жекті 11-раундта тоқтатуға мәжбүр болған. Кездесуден кейін Дадашевтің жағдайы нашарлай түскен. Есінен танған спортшы шұғыл ауруханаға жеткізілді. Оған екі сағат бойы ота жасалған.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық боксшының анасы ұлының ауыр қылмысқа қалай барғанын айтты

Бұл – Дадашевтің карьерасындағы алғашқы жеңілісі болатын.

 



sputniknews.kz