Ресейлік бағдарламашы әке атанғаннан кейін басын ауыстырудан айнып қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ресейлік бағдарламашы Валерий Спиридонов бас трансплантациясы жасалатын алғашқы адам болуы тиіс еді. Алайда ол әке атанғаннан кейін отадан бас тартты.

Ресейлік бағдарламашы әке атанғаннан кейін басын ауыстырудан айнып қалды

Бұл туралы Валерий Good Morning Britain бағдарламасында айтты. Оның сөзінше, ұлы дүниеге келгеннен кейін қатерге бас тіге алмайтынын түсінген, деп жазады Stan.kz.

Валерий Ресейде дүниеге келген. Алайда біраз уақыт бұрын АҚШ-қа қоныс аударған. 

33 жастағы бағдарламашы Вердинг-Хофман синдромынан зардап шегеді. Мұндай дертке шалдыққандардың 20 жасқа дейін өмір сүруі сирек жағдай. Десе де Валерий аман қалып, бағдарламашы болып жұмыс істеп, отбасын құрып, әке атанған.

 


Валерий 2016 жылы ота жасау арқылы басын ауыстыруға келіскен еді. Отаны италиялық нейрохирург Серджио Канаверо жасауы тиіс еді. Хабарланғандай, Валерий отадан бас тартқаннан кейін, италиялық дәрігерлер Қытайдан ота жасатуға келісетін адамды тауыпты. 



stan.kz