Ресейге Қазақстаннан таланттарды тартудың қажеті жоқ – Путин

0

Ресей мен Қазақстан болашақта бірлескен білім гранттарын береді, деп есептейді Ресей президенті Владимир Путин

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Ресей мен Қазақстан жалпы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін күш біріктіруі тиіс, көрші республикадан таланттарды тартудың қажеті жоқ, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин Орал федералды университетінің студенттерімен кездесуде.

Кездесу барысында Ресей басшысы талантты студенттерге арналған бірлескен ресейлік-қазақстандық гранттар туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.  

«Мен талантты адамдарды Ресейге тарту керек деп айтып жүрмін, шынымен де, солай істеу керек, бірақ Қазақстаннан емес. Неге? Себебі, бізде Қазақстан секілді елдерге қатысты басқа міндет болуы тиіс: күш біріктіруіміз керек. Ресейде неғұрлым тиімді дамып жатса – Ресейде дамыту керек, Қазақстанда неғұрлым тиімді жұмыс істеп жатса – Қазақстанда жасалуы керек. Мемлекетаралық қарым-қатынастар аясында күш біріктіру маңызды», — деді Путин.

Ресей президенті сондай-ақ елде 70 мыңға жуық қазақстандық студент оқып жатқанын атап өтті.

«Өткен жылдың өзінде меніңше, 150 адам бюджеттік негізде, яғни ресейлік бюджет қаражаты есебінен қабылданды, алайда Қазақстан сияқты елдерде өз өнеркәсібімізді, өз ғылымымызды дамытуымыз қажет. Осы базада жалпы бәсекеге қабілеттілікті арттыру керек. Егер  бірлескен гранттарға қол жеткізе алсақ, тіпті жақсы болады. Әзірге алғашқы қадам жасалды, мен тіпті екі тараптан да гранттар берілетінін білмедім. Дегенмен егер жалпы гранттар болса, тіпті жақсы болады, біздің алдымызда тұрған ортақ мақсаттарымыз жайлы айтып тұрмын», — деп толықтырды Путин.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде Мәскеуге алғашқы ресми сапармен барған кезде, Ресей мен Қазақстанның басшылары қолданбалы ғылымдардың бірлескен оқу орнын ашуды талқылады. Кейінірек Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының басшысы Константин Воробьев елорданың жоғары оқу орындарының бірінің базасында аталған жоғарғы оқу орнын ашу бойынша келіссөздер жүргізілгенін хабарлады.



sputniknews.kz