Ресейге Орталық Азиядағы атом кластері не үшін керек

0
40

«Росатом» мен «Узатом» Өзбекстанда АЭС салу туралы келісімді рәсімдеуді жоспарлап отыр. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы мауысым айында басталады деген болжам бар

Аймақтағы ақпараттық соғыстарға қарамастан,  ұзақ келіссөздер нәтиже берді.

Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстанда атом электр станциясын салу, ал Қырғызстанда атом энергетикасы үшін уран өндіру мен өңдеу мәселесі кеңінен талқыланды. Сол кезде «Росатом» осы маңызды жобалардың инвесторы әрі негізгі мердігері болуға дайын екенін айтқан. Құрылыстың техникалық жағы да пысықталды. Алайда қарсылық білдіргендер көбейді, наразылық науқаны да күшейе түсті. Соның басты себебі неде?

Наразылық қайдан шығып отыр?

Ашығын айту керек, АЭС құрылысы саласындағы әлемдік нарықта «Росатом» мен батыстың ірі корпорациялары өзара бәсекелесіп отырады, олар әрбір жоба үшін күреседі. Шетелдік компаниялардың ішінде Westinghouse Electric (АҚШ) пен Orano SA (Франция) сияқты алпауыттар бар. Соңғы жылдары осы корпорациялар қиын жағдайдан шыға алмай келеді, тіпті, банкротқа ұшырау қаупі де жоқ емес.

Бүгінде «Росатом» атом электр станцияларын салу жағынан әлемдік нарықтың  70% алып отыр. Бұл – 36 жоба. Жалпы құны – 135 миллиард доллар. Ресейлік компания Ханхикиви (Финляндия), Аккую (Түркия), Сюдайпу мен Тяньвань (КНР), Пакш-2 (Венгрия) және тағы басқа ірі жобаларды жүргізіп келеді. Осы үрдіс сақтала берсе, батыс компанияларының қазіргі жағдайы «созылмалы ауруға» айналуы әбден мүмкін. Себебі нақты жобалардың арқасында ғана зерттеу жүргізіп, технологияларды дамытуға болады. Мысалы, қазірдің өзінде Orano кебір құрал-жабдықтарды ресейлік компаниядан сатып алуға мәжбүр. Ал Франция қашан да Еуропадағы ядролық индустрияның флагманы болған.

Сосын осы мәселенің саяси жағынан тиімді бір тұсы бар. Мәскеудің бастамасымен Орталық Азияда құрылатын атом кластері сәтсіз болған «CASA-1000» жобасына тың серпін бере алады. Соның арқасында табыс та түседі, су мәселесі шешіледі. Аймақтағы шиеленістер де азаяды. Сөйтіп, батысты қатыстырмай, біраз мәселені шешуге мүмкіндік бар.

Оқи отырыңыз: Жаңа министр Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты пікір білдірді

Қазіргі кезде Қазақстанда ресейлік АЭС-тың құрылысына қарсы ұйымдардың барлығы «Интерньюс» коммерциялық емес ұйымның гранттарын алады. Осы ұйым АҚШ-тың USAID атты үкіметтік агенттіктің, сондай-ақ, Еуропалық одақ құрылымдарының ақшасын таратып отырады. Беларусьта тура сондай жағдай. Үкіметтік емес ұйымдар Островецте АЭС салуға қарсы. Ал осы ұйымдардың басым бөлігі АҚШ пен Еуроодақтың қолдауымен жұмыс істеп жатыр.

Бір қызығы, Қазақстанда «Росатомның» ұсынысын іске асыру шаралары кідіріп қалғаннан кейін француз бизнесмендері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тура сондай жобаны жасауға дайын екенін жеткізді. Сол кезде радиофобия байқалған жоқ. Бұған дейін наразылық білдіргендер де үндемеді. Ал Франция «Росатомнан» артық АЭС сала алмайды. Олар ұқсас технологияларды қолданады.

АЭС қаншалықты қауіпті?

Бүгінде атом электр станцияларына қарсы ұйымдар өз ұстанымын әлемдік норма ретінде көрсетеді. Алайда, шын мәнінде, олар аудиторияның сауатсыздығын пайдаланып, АЭС-қа қарсы наразылықты күшейтіп отырады.

Статистика бойынша Еуропалық одақтың өзінде атом энергиясын пайдалану көрсеткіші жыл сайын артып келеді. 2005 жылы оның көлемі 15% болса,  2018-де 26%-ке жетті. Бельгиям мен Словения ол көрсеткіш  40%-тен асады. Францияда 71%-тен артық. Иә, 2011 жылғы Фукусима апатынан кейін Еуропаның кейбір елдерінде атом энергиясына қарсы наразылықтар күшейді, алайда ол үрдіс барлығына жаппай тараған жоқ.

Негізі, Чернобыль мен Фукусимаға қатысты үрей-қорқыныш сол станцияларда қолданылған технологиялар сияқты әбден ескірді деуге болады. Ол кезде қазіргі қорғаныс механизмдері де болмады. Мәселен, «Росатом» жасап шығарған «ВВЭР-1200» реакторлары бірде-бір апатты тудырған жоқ. Олар техникалық ақаулық пен табиғи аппаттардан барынша қорғалған. Дәл осы реакторларды Қазақстан мен Өзбекстанда қолдануға ұсыныс жасалды.

Энергия тапшылығы

Қазір Өзбекстан энергия тапшылығына байланысты ол өнімді көрші елдерден сатып алуға мәжбүр. Қазақстанда ондай проблема жоқ. Алайда индустрияландыру бағдарламасы аясында жаңа өндірістердің іске қосылатынын ескерсек, болашақта республикаға жаңа қуат көздері қажет болады. Қазіргі болжам бойынша алдағы он жылда энергия тапшылығы туындауы әбден мүмкін.

Иә, ол проблеманы ЖЭС салу арқылы шешуге болады. Бірақ онымен экологиялық жағдай қиындай түседі. Қазірдің өзінде Алматыдағы ахуал мәз емес. Өзбекстан да энергия тапшылығын ЖЭС арқылы шешетін болса, экологиялық мәселе аймақтық деңгейде ушығып кетуі әбден мүмкін. АЭС-тың қаупімен салыстырғанда, бұл – анық болатын жағдай.

Баламалы энергия көздеріне де сенім аз. Өйткені оның бағасы тым қымбат. Мәселен, Батыста осы саланы мемлекеттік субсидиялардың есебінен дамытады. Өзбекстандағы «SkyPower Global» (США – Канада) атты күн электр станциясы да солай. Жақында осы жобаның жетекшілері үкіметтен энергияны өте қымбат бағаға сатып алуды талап етті. Онсыз құрылысты бастау мүмкін емес.

Ал атом энергиясының бағасы әлдеқайда төмен. Оны сарапшы мамандардың барлығы біледі. Сондықтан аймақта энергия тапшылығын шешудің бірден бір жолы ол – бейбіт атом.

Бейбіт атом кімге керек?

Ашығын айту керек, Ресей Орталық Азияда атом кластерін құру арқылы Оңтүстік Азияға электрэнергия экспортын арттыруды көздейді. Ол үшін негізгі қуат көздерін нарыққа жақын жерде орналастырған дұрыс.

Иә, «Росатом» ол кластерді Үндістадандағы «Куданкулам» атом электр станциясы аясында да жасай алады. Ал отынды Иран арқылы тасымалдауға болатын еді. Жергілікті билік пен қоғам қарсы емес. Алайда Мәскеу озық технологияларды жақын жерде дамытуды көздейді. Оған қоса, жұмыс орындары да құрылады.

Негізі, атом өндірісі – технологиялық прогресстің маңызды бөлігі. Чехияның үкіметтік емес ұйымдары да оны жақсы біледі. Содан болар, Беларусьта АЭС салу мәселесі көтерілгенде ондай ұйымдар Праганың нұсқауымен шулап кетеді де, өз еліндегі «Дукованы» атом электр станциясына келгенде үндемей қалады.



sputniknews.kz