«Ресейдің зымыраны соққан»: Әзірбайжан басылымы Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың жақыннан түсірілген фотоларын жариялады

0

Әзербайжанның AnewZ басылымы 25 желтоқсанында Ақтауда қайғылы апатқа ұшыраған AZAL ұшағының эксклюзив фотоларын жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, фотоларда оқ іздері, соның ішінде Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев айтқан нұсқаны растайтын дәлелдер бар.

Әзербайжан үкіметінің хабарлауынша, ұшақты Грозныйға жақындап келе жатқанда «Панцирь-С» зымыраны соққан. Министр Рашад Набиев зымырандық шабуыл фактісін растады, ал Ильхам Әлиев кінәсін мойындауды, кінәлілерді жазалауды және қаза тапқандардың отбасына өтемақы төлеуді талап етті.

Бұған дейін Әзірбайжан президенті Ресейге үш талап қойған еді.