Ресейдің вирусология орталығы COVID-19-ға қарсы вакцинаны сынақтан өткізеді

0

Вакцинаны жаппай қолданбас бұрын ол зертханалық сынақтан сәтті өтуі қажет. Сонымен қатар өндірісте болып, дәрілік формада жасалуы тиіс

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Роспотребнадзордың «Вектор» вирусология ғылыми орталығы маусымның соңында коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «Известия» газетіне берген сұхбатында орталықтың бас директоры Ринат Максютов хабарлады, деп жазады РИА Новости. 

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін жануарларға жасалған тест нәтижелерін алу жоспарланып отыр және денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық зерттеулерге рұқсат беруін күтуде.

Максютовтың айтуынша, вакцинаны жаппай қолданбас бұрын ол зертханалық сынақтан сәтті өтуі қажет. Сонымен қатар өндірісте болып, дәрілік форма алуы керек.

Содан кейін клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің толық спектрі мен тіркеуден өтуі қажет. Бұған дейін Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург вакцинаны әзірлеумен айналысатын орталық қызметкерлері, сонымен қатар өзі де  вакцина салдырғанын хабарлады. Айтуынша, оларда инфекциядан қорғайтын антидене пайда болған.

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина жасау үшін Санкт-Петербург вакциналар мен сарысу ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары да еңбек етіп жатыр. Препаратты әзірлеу барысында басқа елдерде де жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Гинцбург ресейліктерді жаппай вакцинациялау күздің басында басталып, ол процестің алты айдан тоғыз айға дейін созылатынын хабарлады.

Жаңа коронавирус (COVID-19 тудыратын) алғаш рет желтоқсанның соңында Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Наурыздың басында ДДҰ оны пандемия деп таныды. Ұйымның ақпараты бойынша, әлемде 5,3 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 343 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Ресейде 353 427 адамнан COVID-19 табылды, оның ішінде 118 798 науқас сауығып шықты, 3 633 қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз