Ресейдің таңғажайып суреттері алматылықтарға көрсетілді

0

Орыс географиялық қоғамы «Ең әдемі ел» фотоконкурсының жеңімпаздары мен финалистерінің жұмыстарын көрмеге қойды

АЛМАТЫ, 10 қазан – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы күндері аясында Орыс географиялық қоғамы Алматыда Ресейдің жабайы табиғатын сақтауға және фотосурет өнері арқылы қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеуге арналған «Ең әдемі ел» фотоконкурсының жеңімпаздары мен финалистерінің V көрмесін өткізіп жатыр.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыда Ресейдің Қазақстандағы күндері аясында фотокөрме ашылды

«Ең әдемі ел» фотоконкурсы алғаш рет 2015 жылы өтті және содан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл Ресейдің Қазақстандағы күндері аясында фотокөрме Алматыға келді.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Орыс географиялық қоғамы «Ең әдемі ел» фотоконкурсының жеңімпаздары мен финалистерінің жұмыстарын көрмеге қойды

Көрменің тұсаукесері Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында өтті. Қатаң конкурстық іріктеуден өткен ондаған жұмыс көрермен назарына ұсынылды. Туындыларды танымал фотографтар мен өнер қайраткерлері, медиаменеджерлер және Орыс географиялық қоғамының жетекшілері кіретін қазылар алқасының мүшелері бағалады.

Көрменің ашылу салтанатына келушілердің қарасы өте көп болды.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Туындылар 12 номинация бойынша ұсынылды

Кәсіби және әуесқой фотографтардың жұмыстары 12 номинация бойынша ұсынылды:  «Пейзаж», «От заката до рассвета», «Млекопитающие», «Птицы», «Макромир», «Подводный мир», «Эти забавные животные», «Искусство дикой природы» (Арт-фото), «Россия с высоты птичьего полета», «Многоликая Россия», «Архитектура» және «Снято на смартфон». 

«Ең әдемі ел» V фотоконкурсының жеңімпаздарының суреттерін мына жерден көруге болады.

Сонымен қатар, 18 қазанға дейін, күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін финалистер мен жеңімпаздардың жұмыстарымен Алматы қаласы, Әшімбаев көшесі, 26 мекенжайы бойынша орналасқан Рухани-мәдени әкімшілік орталығында танысуға болады.

Байқау тарихы

«Ең әдемі ел» фотоконкурсы – Ресейдің ең үздік фотографтарын біріктіретін Орыс географиялық қоғамының кең ауқымды акциясы. Ол алғаш рет 2015 жылы өтті. Оған әлемнің кез келген елінің авторлары жасына және біліміне қарамастан қатыса алады. Жалғыз талап – конкурстық фотосуреттер тек Ресей Федерациясының аумағында түсірілуі керек.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Фотоконкурс — бұл Орыс географиялық қоғамының ауқымды акциясы

2019 жылы номинациялар бойынша жеңімпаздар 42 мыңнан астам туындының ішінен таңдалды. Жалпы, байқау тарихында ұйымдастырушыларға 400 мыңнан астам сурет жіберілді.  



sputniknews.kz