Ресейдің Қазақстандағы елшісі қандай кітаптар оқиды
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан астанасында Азия елдері жазушыларының бірінші форумы өз жұмысын бастады
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Ресей Федерациясының төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Sputnik Қазақстанға қандай кітап ерекше әсер қалдырғанын айтты.
«Сүйікті кітаптарым дейсіз бе? Бұл қиын сұрақ. Жалпы оқығанды ұнатамын, кереуетімнің жанындағы үстелде бірнеше кітап жатады, кейде тіпті бір уақытта бірнеше кітап оқимын. Әлсін-әлсін оқып тұратын қандай да бір сүйікті кітабым бар деп айта алмаймын. Дегенмен, білесіз бе, біреуін жеке-дара атап өткім келеді. Қанша таңырқарлық болмасын, бұл орыс немесе шетелдік классика емес. Ол – Владимир Богомоловтың «В августе сорок четвертого» романы. Бұл кітап маған қатты ұнайды. Ол мен қайталап оқыған аз кітаптың бірі болса керек», — деді Бородавкин Азия елдері жазушыларының бірінші форумы кулуарында.
4 қыркүйекте Қазақстан астанасында Азия елдері жазушыларының бірінші форумы өз жұмысын бастады. Пленарлық отырысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Форумға үш жүзге жуық шетелдік және отандық жазушы жиналды, олардың ішінде Азияның 38 елінен келген 70-ке жуық танымал жазушы бар.
sputniknews.kz