Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин өзінің арманы туралы айтты
Қысқа сілтеме алу
Ресейдің Қазақстандағы елшісі төтенше жағдай кезінде көп оқып, спортпен шұғылданып, соғыс туралы фильмдер көріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Sputnik Қазақстанға бос уақытын карантинде қалай өткізетінін айтып берді.
«Бос уақытым көбейді деп айта алмаймын, сондықтан не істейтінім туралы ойланбаймын. Сақал-мұрт өсіруді жөн көрдім. Одан басқа, ескі әуестігім өзгере қоймады: спортпен айналысып, кітап оқимын, фильм көремін, музыка тыңдаймын. Үйде жаттығу жасап жүрмін», — деді дипломатиялық миссияның басшысы.
Алексей Бородавкин қазіргі заманғы орыс жазушыларының шығармаларын көп оқиды екен.
«Сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған көркем фильмдер мен деректі фильмдерді жіберіп алмауға тырысамын», — деп атап өтті ол.
Елші Ұлы Отан соғысы туралы бірлескен Қазақстан-Ресей сериалын көруді армандап жүргенін жасырмады.
«Мен Ресей және Қазақстан кинематографистерінің Владимир Богомоловтың «Момент истины (В августе сорок четвертого…)» романы негізінде 10-12 бөлімнен тұратын көп бөлімді фильм түсіргенін көргім келеді. Бұл шығарма желісімен екі бөлімнен тұратын жақсы фильм шыққанын білемін, алайда экрандау мәтінге жақын, мүмкіндігінше егжей-тегжейлі баяндалғанын қалаймын», — деді Бородавкин.
Ол кітаптың керемет екенін және сериалға арқау етуге лайық екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Назарбаев Медведевпен не туралы сөйлесті?
«Осы мүмкіндікті пайдаланып, Sputnik Қазақстанның барлық оқырманын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін», — деп түйіндеді Алексей Бородавкин.
sputniknews.kz