Ресейдің қанатты зымырандары қайда тұрғаны мәлім

0

[ad_1]

Ресей 9M729 қанатты зымырандарын бұған дейін жария етілмеген жерлерге орналастырған. Бұл туралы батыс барлауындағы дереккөздеріне сілтеме жасап германиялық Frankfurter Allgemeine Sonntagszeitung газеті хабарлады. Оның жазуынша, ресейлік зымыран дивизиондары Солтүстік Осетиядағы Моздок қаласы маңында және Иванов облысындағы Шуя қаласының іргесінде тұр.

Газет бұған дейін қанатты зымыран қондырғылары Ресейдің оңтүстігіндегі Капустин Яр сынақ полигоны мен Екатеринбург қаласынан шығысқа қарай орналасқан Камышалов қаласының түбінде екені белгілі болатын деп жазады. Басылым дерегінше, ресейлік төрт әскери дивизионның әрбірінде төрт-төрттен 9M729 зымыранын ұшыратын дөңгелекті төрт қондырғыдан бар. Бұл Ресейде кемінде осындай 64 зымыран барын көрсетеді, оларға конвенциялық оқтұмсықты да, ядролық оқтұмсықты да орнатуға болады делінген мақалада.

2350 шақырымға дейінгі радиустағы нысананы жоятын зымырандар қазіргі тұрған жерінен Шығыс және Солтүстік Еуропаға дейін жете алады дейді мақала авторлары. Ал егер зымырандарды Ресейдің батысына қарай көшіретін болса, онда Португалиядан өзге еуропалық елдердің барлығына қауіп төнеді деп жазады басылым.

Ресей болса 9M729 қанатты зымырандарының ұшу қашықтығы 480 километрден аспайды деп мәлімдейді.

[ad_2]

Азаттық