Ресейдің Пермь өлкесіндегі шахтадан тоғызыншы кеншінің денесі табылды

0
65

2018 жылғы 23 желтоқсан 12:35 381

Ресейдің Пермь өлкесіндегі шахтадан тоғызыншы кеншінің денесі табылды

ПЕРМЬ. ҚазАқпарат -Ресейдің Пермь өлкесінде құтқарушылар шахтадағы өрт салдарынан әріптестерімен бірге жер астында қалып қойған тоғызыншы жұмысшының денесін тапты. Бұл туралы журналистерге жексенбі күні жедел штабы мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.

Бұдан бұрын Соликамск шахтасындағы апаттан қаза болған сегіз адамның денесі табылғаны хабарланған еді.

«Тоғызыншы жұмысшы алдыңғы алты адам табылған жерден анықталды», – деді штабта. Мәлім етілгендей, кеншілердің денелері әзірге жер бетіне шығарылған жоқ.

Шахтада соңғы өрт ошақтары сөндіріліп жатыр.

Еске салайық, сенбі, 22 желтоқсан күні Мәскеу уақытымен шамамен сағат 10.04-те «Уралкалий» компаниясының Соликамск шахтасында өрт шықты. Барлығы кеніште 17 адам жұмыс істеп жатқан. Олардың сегізі жер бетіне дін аман шыға алды.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz