Ресейдің одақтастарының жағдайы Гитлердің одақтастарының жағдайына ұқсап кетуі мүмкін

0
75

Ресеймен одақ болуға, тым жақындап/жалтақтап, түрлі келісімдерге қол қоя беру өте қауіпті. Ресей Украинадан Қырымды тартып алды, Донецк мен Луганскіде жасағаны анау. Бұл аймақ үшін Украинамен соғыс жағдайында тұр десе де болады. НАТО Украинаға қару-жарағын төгіп жатыр. Егер соғыс бола қалса Ресейдің одақтастарының жағдайы кезіндегі Гитлердің одақтастарының жағдайына ұқсап кетуі мүмкін…

Өйткені ОДКБ бойынша бұл ұйымға мүше қандай да бір елге әскери басқыншылық жасалса (мысалы Украина Қырымды қайтарып алуға талпынса) басқалары әскери көмек беруге міндетті. Қазақстан Ресей жағында соғысуға мәжбүр болады деген сөз. Ресей жеңілсе одақтастарынан да спрос болары сөзсіз. Оны екі дүниежүзілік соғыс нәтижесінен білеміз…

Бүйтіп жүріп бұрынғы президенттің «көп векторлы» саясатына зар болып қалмасақ болды әйтеуір…

Талғат Жолдасұлы