Ресейдің күні батып бара жатыр — Бекболат Қаржан
Ресейдің күні батып бара жатыр. Бүгін Ресейдің Шығыс Украина жеріне мобилизациялап апарған әскерінің ішінде аласапыран болып, бір бірімен қырылып қалды. Мобиктер өздерінің басшыларына шабуылдап, уақытылы берілмей жатқан тамақ, киім, жалақы, қару төңірегінде жанжал шығарды. 600-ден аса мобилизациялап әкелген әскерлер жан жаққа бытырай қашты.
Ресей әскерінің мүлде жағдайы жоқ. Не тамақ жетпейді, не киім жетпейді, не жалақысы жоқ бала шағасына жіберетін, не қару жетпейді. Сондықтан наразылық қатты жүріп жатыр.
Бүгін Бахмуттағы ресейлік әскерлерді дрондармен атқылап, қырып жатқан видеоларды көрдім. Жалпы, мен үнемі Украина қарулы күштерінің видеоларын үзбей көремін. Мысалы, The Sun, Timur Tumbur, Espresso деген ютубта каналдарды қарасаңыз, ресейлік әскерлер қалай қырылып жатқанын көресіз.
Соңғы уақытта Украина қарулы күштері қатарындағы артиллерия жасағы, дрон басқарушы отрядтар ресейлік әскерлерді мазақтап жүріп қырып жатыр. Тіпті, музыкалатып жүріп соғысып жүр. Украина қарулы күштерінің Ресеймен келісімге келмеуінің бір себебі — олар жеңетініне кәміл сенімді. Оның үстіне АҚШ-тың уәде еткен қаруының кезекті пакеттері дер кезінде жетіп отыр.
Ресейдің күні батып барады. Әлемнің екінші армиясы саналған Ресей даңғазалық пен тәкаппарлықтың құрбанына айналды. Небәрі үш күнде Киевті аламыз деген Ресей қазір 288-ші күнінде әупірімдеп, келісімге келе алмай, қайтсек бұл тозақтан аман шығармыз деп жанталасқа түсуде. Ресей енді оңалмайды. Осы кеткеннен сол кеткен, бөлініп тынады.
Соғыстың позициясы Ресей жеріне ойысты. Бір емес, үш стратегиялық әуежайына зымырандар мен дрондар келіп түсті. Жылу электр станциялары отқа оранды. Курск облысының инфрақұрылымдық жүйелеріне 11 зымыран келіп түсті.
Ал, отты қан майданда әбден рухтанып шыныққан, соғыстың барлық психологиялық қалпына төселген Украина Елі Ресейдің өмірінің соңына дейінгі бас ауруына айналып, жер жастандырғалы тұр.
Әлемдегі диктатуралық шынжырды шатырлатып тұрып үзген Украина қарулы күштері дүниенің ең айбынды, абыройлы армиясына айналып, талай талай жұртқа шынайы тәуелсіздікті сыйлағалы тұр.
Әлемде жақсылықтың таңы атқалы тұр!
Жасасын, Ұлы Украина елі!!!
Жазба Бекболат Қаржан facebook парақшасынан алынды