Ресей келіссөздерге дайын — Зеленский

0

Украина президенті Владимир Зеленский одақтастардан Ресейдің тікелей келіссөздер жүргізу ниеті туралы сигналдар алғанын айтты. Бұл тураоы РИА Новости жазды.

Журналистермен сұхбатында украин көшбасшысы серіктестерден Ресейдің Украинамен диалогқа дайын екендігін көрсететін белгілерді алғанын мәлімдеді.

«Мен мемлекет басшыларынан сигналдар алдым: бізге Ресей президенті Владимир Путин тікелей келіссөздер жүргізгісі келетін сияқты. Мен: «біз қоғамдық форманы ұсынамыз» дедім», — деді Украина басшысы.

Зеленский Ресеймен «сахна сыртынды» келіссөздер жүргізгісі келмейтінін айтты.

http://t.me/orda_kz
Фото: pravda.com.ua