Ресейдің әлсіздігі айдан анық көрініп тұр — Зеленский

0

Украина президенті Владимир Зеленский Вагнер ЖӘК жетекшісі Евгений Пригожиннің бүлігі бүлігі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ресей өз билігінің әлсіздігі мен ақымақтығын көптен бері үгіт-насихатпен бүркемелеп келеді. Ал қазір хаостың ауқымды болғаны сонша, оны ешқандай өтірікпен жасыра алмайсың. Осының бәрінде бір ғана адам қайта-қайта жұртты 1917 жылмен қорқытады, бірақ оның қолынан басқа ештеңе келмейді. Ресейдің әлсіздігі айдан анық көрініп тұр. Толық ауқымды әлсіздік. Ал Ресей өз әскерлері мен жалдамалыларын біздің жерімізде неғұрлым ұзақ ұстаса, соғұрлым хаос, қайғы мен проблемалар өздерінде де көп болады. Бұл да анық», — деді Украина президенті.

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Ол науқанның мақсатын «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылығын жауапқа тарту» деп атады. ЖӘК басшысы «Президенттік билік, үкімет, Ішкі істер министрлігі және басқа да құрылымдар жұмысты жалғастырады» деп сендірді».

Кейінірек ресейлік ФСБ Евгений Пригожинге қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады. Қазақстандықтардан жақын арада Украинамен шекаралас Ресей территорияларына бармауды сұрады.