Ресейден Қазақстанға қасқырлар жақындап келе жатқаны рас па

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

52 0 0

https://sputniknews.kz/images/1235/90/12359097.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/society/20200131/12714037/Qazaqstan-qasqyr-ministrlik.html

Батыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы мониторинг жұмысын жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Бірнеше күн бұрын желіде Ресейден Батыс Қазақстанға бір үйір қасқыр жақындап келе жатқаны туралы видео тарады. Экология министрлігі осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Бұл видео шындыққа жанаспайды. Видеода үй малы немесе жабайы жануар болуы мүмкін. Біреу жалған ақпарат таратып жатыр», — деп жазды ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Ол Батыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы мониторинг жұмысын жүргізіп жатқанын жеткізді.

Баспасөз хатшы жалған ақпарат тарату үшін Қазақстан заңнамасында жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

 



sputniknews.kz