Ресейден Өскеменге қосымша автобус рейстері қатынайды

2018 жылғы 24 желтоқсан 01:38 316

АСТАНА. ҚазАқпарат -Барнауыл сапаржайы Жаңа жылдың алдында Қазақстанға қосымша рейстер жібереді. Бұл туралы ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің сайты хабарлайды.
Қосымша рейстер 27 желтоқсанда Өскеменге дейін жүретін болады. Жол жүру уақыты сағ. 20:15.
28 желтоқсанда сағ. 20:50-да Семейге дейін тағы да бір қосымша рейс жүреді.
Билеттерді вокзал кассалары мен сайттан сатып алуға болады e-traffic.ru ескерту.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz