Ресейдегі мұнай өңдеу зауытында алапат өрт шықты

0

Украина шекарасына жақын Новошахтинск қаласындағы ресейлік мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан зауытқа белгісіз ұшқышсыз басқарылатын ұшақ қалай соғылғанын көруге болады.

«Сағат 9: 25-те Красносулин ауданында орналасқан Новошахтинск мұнай өнімдері зауытының АВТ-1 (жылу алмастырғыш) қондырғысында, ФАД А-270, 882-шақырымда өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген облыс бойынша ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, мұнай өңдеу зауытындағы өрт аумағы 50 шаршы метр болғаны, өрттің таралу қаупі жоқ екені айтылған.

«Новошахтинский мұнай өнімдері зауыты» — Ростов облысында жұмыс істеп тұрған жалғыз мұнай өңдеу зауыты. Зауыт мазут, пеш, кемеге отын және дизель отынын, бензин өндіруге мамандандырылған.